Select Page

Іс-шара аясында климаттың өзгеруі, экологиялық жауапкершілік және тұрақты дамудың маңыздылығы мәселелерін қамтитын «Қайтадан» әлеуметтік-танымдық фильмі көрсетілді. Фильмді көру студенттердің экологиялық санасын қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Сонымен қатар, 19 және 22 желтоқсан күндері климаттың өзгеруі және ТДМ-13 бағыты бойынша Quizizz платформасында интерактивті тестілеу өткізілді. Тестілеу ойын түрінде ұйымдастырылып, студенттердің алған білімдерін бекітуге, белсенділігін арттыруға және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Өткізілген іс-шаралар студенттердің экологиялық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және тұрақты даму қағидаттарына сәйкес құндылықтарды орнықтыруға бағытталды.

Skip to content
Приемная комиссия