Іс-шара барысында университет ұжымы мен студенттер еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларын еске алып, тәуелсіздіктің маңыздылығы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық көрініс, әндер мен би номерлерімен кештің сәнін келтірді.
Шара барысында унтверситетімізге үлкен үлес қосқан мамандарымызға арналып, ALT құрметті төсбелгісі мен Алмалы ауданы әкімінің атынан және Алматы қаласы “Жастар саясаты” басқармасынан “Алғыс хат”пен марапатталды.
Бұл күні Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері туралы тағылымды әңгімелер мен көріністер көрсетілді, ұлттық құндылықтар дәріптелді. Әсіресе, жастардың азаттық пен ел болашағына деген жауапкершілік рухы ерекше сезілді.
Іс-шара соңында тәуелсіз еліміздің жарқын болашақ үміткерлері жас курсанттардың орындауында ән шашу орындалып, бірлік пен татулықта еңбек етудің маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Егемен елдің ұрпағы ретінде, болашаққа нық қадам жасайық!