Select Page

2025 жылдың 11 сәуірінде ALT University-де түлектердің кәсіби қалыптасуына жәрдемдесу және жұмыс берушілермен серіктестік қатынастарды дамыту мақсатында маңызды іс-шара – «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараға түрлі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтап жатқан 4-курс студенттері және еліміздің әр өңірінен келген ірі ұлттық компаниялардың бірі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Күн бойы жұмыс берушілер өз ұйымдарының бос жұмыс орындарын, мансаптық бағыттарын және корпоративтік мәдениетін таныстырды. Ерекше назар тағылымдамадан өтіп, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне және жас мамандарға арналған тәлімгерлік бағдарламаларға аударылды. Студенттер экспресс-сұхбаттан өтуге, HR-бөлім өкілдеріне сұрақтар қоюға және мансаптық жолын құруға қатысты жеке ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.

Skip to content
Приемная комиссия