Select Page

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында ALT университетінде QAGANAT театрының “202ALT New Year” қорытынды кеші жоғары деңгейде өтті.

Бұл кеш дәстүрлі форматтан өзгеше, sense ethic бағытында ұйымдастырылып, сезім мен әдептің, өнер мен ойдың терең үйлесімін көрсете білді. Әр көрініс көрерменді ішкі толғанысқа жетелеп, адам жанының нәзік қырларын ашуға бағытталды.

Кеш барысында университет студенттерінен құралған театрлық қойылымдар сахналанып, жүрекке жетер әндер шырқалды, әсерлі билер орындалды, сондай-ақ мағыналы өлеңдер оқылды. Әрбір өнер нөмірі кештің идеялық мазмұнын толықтырып, көрерменге ерекше эмоция сыйлады.

“202ALT New Year” кеші — бұл тек қорытынды іс-шара ғана емес, студент жастардың шығармашылық әлеуетін, рухани байлығын және өнерге деген шынайы сүйіспеншілігін айқындаған маңызды мәдени алаң болды.

QAGANAT театры ұйымдастырған бұл кеш қатысушылар мен қонақтардың жүрегінде ұзақ сақталатын әсер қалдырды.

Skip to content
Приемная комиссия