Select Page

31 мамыр күні Алматы облысы, Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округіне қарасты Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар Қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, ардагерлер кеңесі мен қоғам қайраткерлері естелік сөз сөйлеп, тарихи әділетсіздік құрбандарын еске алды.
Құрбандар рухына Құран бағышталып, «Алаш Арыстары» мешітінде ас берілді.

Бұл шара – тарихымызды ұмытпау, зұлмат жылдарды еске алу, келешек ұрпаққа аманат қалдыру мақсатында өткізілді.
Аталмыш тағылымды жиынға М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің ұжымы да арнайы қатысып, тағзым етті.

Ұлт тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі – саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарын еске алу – еліміздің рухани жауапкершілігі мен тарихи санасын қалыптастырудағы маңызды қадам.

Skip to content
Приемная комиссия