Ағымдағы жылдың наурыз айының 27-31 күндері аралығында «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалында академия оқытушыларының біліктілігін арттыру және студенттердің диплом алдындағы тәжірибесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар бойынша «Энергетика» кафедрасының сениор-лекторы Карасаева Әсел Рахметуллақызы «Қазақстан Республикасы темір жол көліктерінде қолданылатын инновациялық және заманауи технологиялар» тақырыбында оқу бағдарламасын сәтті аяқтады, сонымен қатар, академияның 6В07121 – Электр энергетикасы, 6В07120 – Автоматтандыру және басқару, 6В06209 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6В07116 – Вагондар, 6В07117 – Локомативтер, 6В11330 – Көліктік логистика, 6В11326 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері қатысты. Тәжірибеден өту барысында білім алушылар мамандандырылған зертхана жұмыстарымен танысып қана қоймай, дипломдық жұмыстарын орындауға қажетті мәліметтер жинақтады, болашақ маман иелері ретінде тәжірибелік дағдыларын қалыптастыра білді.