Select Page

19 қыркүйек 2025 ж. М.Тынышпаев атындағы ALT универсиетінің «Language Education» кафедрасының    сениор-лекторы Г.Н.Досжанованың ұйымдастыруымен кафедра профессор-оқытушылар құрамы,  қазақтың ұлы  ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған  «Абай  — дана, Абай  — дара қазақта!» атты  әдеби-сазды кеш болып өтті. Іс-шарада «Language Education»     кафедрасы меңгерушісі Смаилова Ф.И. кіріспе сөз алып, іс-шара әдеби-музыкалық монтажға жалғасты. Мақал-мәтелдер, көркем сөз оқылып, домбырамен күй орындалып, кеш өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі — биік, Туымыздың тұғыры — берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Skip to content
Приемная комиссия