Select Page

2026 жылғы 27 наурызда ИПС-23-3к және ИПС-24-1,2 топтарының студенттері эдвайзер-куратор Аябекқызы Шынармен бірге Тұрақты даму мақсаты №11 — «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» аясында мәдени-танымдық іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында білім алушылар Мәдениеттерді жақындастыру орталығы барып, оның қызметімен танысты. Экскурсия студенттердің мәдени әртүрліліктің маңыздылығын түсінуіне, түрлі халықтардың дәстүрлеріне құрметпен қарауына және тұрақты әрі инклюзивті қалалық қауымдастықтарды дамытудағы мәдени бастамалардың рөлін ұғынуына ықпал етті. Өткізілген іс-шара студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, өзара құрмет пен бірлік құндылықтарын нығайтты.

Skip to content
Приемная комиссия