Select Page

Логистика және көлік академиясының оқытушылық қызметіне шетелдік ғалымдарды тарту мақсатында Ангел Кынчев атындағы Русе университетінің профессоры (Болгария) Теодор Илиев шақырылды. 2024 жылдың 19 ақпаны мен 2 наурызы аралығында профессор 2 және 3 курс студенттеріне, сондай-ақ «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының бірінші курс магистранттарына дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Сонымен қатар, шетелдік ғалым «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасының 1-ші жыл PhD докторантының докторлық диссертациясына бірлесіп басшылық жасап, кеңес беруді және халықаралық конференцияға бірлескен ғылыми мақала жазуды жоспарлады. Сонымен бірге, профессор Илиев Академияның жас ғалымдары мен докторанттарына ПОҚ және ӘБП үшін тренингтер мен білім алушыларға арналған семинарлар өткізуге ниетті.

Приемная комиссия