Select Page

2025 жылдың 19 желтоқсанында М. Тынышбаев ALT университетінде 1 курс барлық мамандықтар докторанттары арасында университет деңгейінде ғылыми семинар өтті. Бұл семинар «Академиялық жазба» курсы қорытындысы аясында ұйымдастырылды. Семинар ұйымдастыршы «Language Education» кафедрасының ассоц.профессоры, ф.ғ.к Ұ.Б. Адилбаева.

Семинар барысында барлық докторанттар презентация жасап, SCOPUS, SCIENCE DIRECT базасынан өздерінің ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты  зерттеулерге талдау жасап, алынған инновациялық  нәтижелеріне өз ғылыми зерттеулерінде қалай қолдануға болатынын баяндады:

1.Қуандықов Б. «Ғылыми жұмыстарды жазуда жасанды интеллектті пайдалану», 2.Сексенбаев Н. «Менің ғылыми-зерттеулерім: Логистика мен көлікті дамыту», 3.Шертаев Д. «Академиялық жазудағы аннотация рөлі»,

4.Байділдаева Н., Бактыбаева М. «Ғылыми жұмысыңыздың тақырыбын динамикалық ету»,

5.Манапова А. «IMRaD құрылымын түсіну: ғылыми зерттеу жұмыстарының негізі»,

6.Қасымова А. «Талқылау бөлімі: Академиялық түсіндірмені меңгеру», 7.Сұлтанбаев У. «Инверторға негізделген ресурстардың Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі қысқа тұйықталған токтарға әсері»,

8.Езмұханов Р. «IMRaD нәтижелері бөлімі: Зерттеу нәтижелерін анық ұсыну».

9.Сатанов М., Сатенова М., Тұрғамбай Е., Нүсіпбеков М. т.б ғылыми зерттеулерінің өзектілігі, жаңалығы мен практикадағы қолданыс мүмкіндігі, шет ел ғалымдарының сол тақырыпқа көзқарасы жөніндегі мәліметтерге тоқталды.

Ғылыми семинардың негізгі мақсаты ғылыми зерттеулер жүргізу және нәтижелерді SCOPUS дерекқорынан жоғары рейтингті журналдарда жариялау кезіндегі академиялық жазудың негізгі аспектілері болды.

10.Докторант Әсем Молдатаева Қытайдағы ғылыми тағылымдамасы туралы бейне презентациямен бөлісті. Тағылымдама 2025 жылдың желтоқсан айында өтті. ALT университетінің докторанттары академиялық дәрістер мен семинарларға қатысып, Қытай университет кампустары мен ғылыми орталықтарына барған. Тағылымдама аясында олар «Оңтайландыру әдістеріне кіріспе», «Оңтайландырудың негізгі тұжырымдамалары», «Инженерлік және ғылыми зерттеулерде оңтайландыруды қолдану» және «Жүйелік талдау мен шешім қабылдауда оңтайландыру әдістерін пайдалану» академиялық курсына қатысқан. Докторанттар сондай-ақ топтық талқылауларға қатысып, академиялық тәжірибелерімен бөліскедігін туралы баяндады.

Skip to content
Приемная комиссия