Select Page

2025 жылдың 5 қараша күні Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінің «Радиотехника және Телекоммуникациялар» кафедрасының ТКС 22-1К тобында АЛТ қауымдастырылған профессоры Мамилов Бақытжан Естемесұлының бастауымен студенттердің қорғауында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақ тақырыбы: “АКБ заряд және разряд процестерін модельдеу / АКБ тестілеу (виртуалды)”

Бүгінгі ашық сабақ барысында аккумуляторлық батареялардың (АКБ) зарядталу және разрядталу процестері арнайы виртуалды ортада модельденді. Сабақ қатысушылары АКБ сипаттамаларының уақыт бойынша өзгерісін, ішкі кедергі әсерін, сыйымдылықтың төмендеуін және зарядтау алгоритмдерін тәжірибелік тұрғыда зерттеді.

Виртуалды тестілеу арқылы батареяның жұмыс режимдері, температуралық әсер, ток пен кернеу арақатынасы талданып, нақты өндірістік жағдайға жақын ортада сынақ жүргізілді.

Сондай-ақ, телекоммуникациялық жабдықтарда АКБ қолданылу мақсаты мен олардың жұмыс қағидалары талқыланды. АКБ байланыс желілеріне үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін тұрақты ток қорегін береді. Әдетте телекоммуникация саласында -48 В тұрақты ток стандарты қолданылады, бұл желінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. АКБ негізгі желі сөнген жағдайда автоматты түрде іске қосылып, жабдықтың тоқтаусыз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бұл сабақ қатысушыларға:

✅ АКБ жұмысының теориялық және практикалық негіздерін түсінуге

✅ Заряд/разряд динамикасын модельдеу арқылы жүйелік талдау жасауға

✅ Телекоммуникация инфрақұрылымында энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету механизмдерін меңгеруге

мүмкіндік берді.

Skip to content
Приемная комиссия