15 қазан 2025 ж. М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Г.Н.Досжанованың ұйымдастыруымен кафедра профессор-оқытушылар құрамы, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Ұлт руханиятының шамшырағы» атты әдеби-танымдық кеші өтті. Іс-шарада «Language Education» кафедрасы меңгерушісі Смаилова Ф.И. кіріспе сөз алып, іс-шара әдеби-музыкалық монтажға жалғасты. Мақал-мәтелдер, көркем сөз оқылып, домбырамен күй орындалып, кеш өз мәресіне жетті.


