2025 жылдың 22 желтоқсанында «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында «Алматы қаласының тұрақты дамуы және «Жасыл» технологияларды қолдану іс-шаралары» атты дөңгелек үстел өткізді.
Жиынға арнайы шақырылған қонақтар — «Алматы Тазалық» ШЖҚ МКК және «RTA proffi» ЖШС кәсіпорындарының өкілдері мен білікті мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында келесі негізгі мәселелер талқыланды:
- Қала инфрақұрылымын жаңғырту: Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартудағы «жасыл» технологиялардың рөлі мен маңызы.
- Қалдықтарды басқару: «Алматы Тазалық» мамандары қаланы санитарлық тазартудағы жаңа әдістер мен қоршаған ортаға зиянды азайту жолдары туралы тәжірибе бөлісті.
- Инновациялық шешімдер: «RTA proffi» ЖШС өкілдері автомобиль жолдары мен қала көшелерін жобалауда қолданылатын заманауи технологиялық жобаларын таныстырды.
- Өндіріс пен білім байланысы: Студенттер мен оқытушылар өндіріс мамандарымен тікелей пікір алмасып, теориялық білімді практикада қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу соңында қатысушылар Алматы қаласын «ақылды» және экологиялық таза мегаполиске айналдыру бойынша бірлескен ұсыныстар әзірледі. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби деңгейін арттырып, қаламыздың тұрақты дамуына серпін берері сөзсіз.


