ALMAU университетінде өткен Психологиялық денсаулық апталығы аясында инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық бөлімінің жетекшісі (психолог) Шабденова Дария Рахималиевна кәсіби біліктілікті арттыруға және университеттің психологиялық қызметін дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараларға қатысты.
- 2025 жылғы 19 қарашада Дария Рахималиевна Қазақстан Республикасы психологтарының Халықаралық практикалық конференциясына тыңдаушы ретінде қатысты.
- 20 қараша 2025 жылы суицидтің алдын алу бойынша мамандандырылған оқыту курсын өтті.
- 21 қараша 2025 жылы «PsychoExpress» жобасына қатысып, университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамына психологиялық-диагностикалық кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Апта қорытындысы бойынша Шабденова Дария Рахималиевна алғыс хат және сертификатпен марапатталды.


