2025 жылдың 27 қыркүйегінде KIFS алаңында Студенттік Үкімет белсенділерімен ALT университетінің 1-курс студенттеріне арналған ерекше «Балмұздақ party» ұйымдастырылды. Кеш қызықты ойындармен, көріністермен және жұлдызды қонақтарымен есте қалды.
Мерекеге танымал әртістер — Calirassta, Sannur, NurikSmit және Baxa арнайы келіп, көңілді шараға ерекше рең берді. Кеш тізгінін атақты тиктокер Айберген Бади жүргізді.
Студенттер бір шаңырақтың астында жиналып, керемет көңіл-күймен жаңа достар тауып, ерекше естеліктер алды.
ALT университеті жастарға арналған осындай жарқын әрі қуанышты шараларды өткізуге әрдайым дайын!