6 қараша 2025 жылы ALT Университетінің қабырғасында дәстүрге айналған ерекше мереке — 1 курс студенттерін қабылдау кеші «Посвящение–2025» жоғары деңгейде өтті!
Кештің шымылдығын университетіміздің Басқарма төрайымы – Ректоры Жармагамбетова Мереуерт Советовна ашып, студенттерге арналған жүрек жарды тілегін жолдап, олардың жаңа өмір белесіне сәтті қадам басуын тіледі.
Кештің ең тартысты бөлігі — Grand Final кезеңі бойынша өткен командалық сайыс болды. Өнер мен ұйымшылдық сынға түскен бұл сәтте келесі командалар өз дарынымен дараланып, жүлделі орындарға ие болды:
Кири – 1-орын
Суна – 2-орын
Каноха – 3-орын
Кумо – Гран-при иегері!
Әділ бағасын берген қазылар алқасы құрамында:
1️. Сериктегі Арслан Бейбітович – ALT университеті Директорлар кеңесінің төрағасы
2️. Айдар Темирлан – Alkum Brand қазақи нақыштағы заманауи еркін стиль брендінің негізін қалаушысы
3️. Мондыбай Айжан – «Мисс Алматы» жобасының ұйымдастырушысы
4️. Әлімбекова Назерке Ержанқызы – хореограф, модель, «Мисс Алматы» жобасының атқарушы директоры
5️. Ембергенова Сабина Аскаровна – ALT университеті Студенттік үкіметінің Президенті болды.
Кештің ажарын ашқан жұлдызды қонақтар:
BayanSulu, De lacure, Hiro өз өнерлерімен көрермен көңілін көтеріп, керемет атмосфера сыйлады.
Бұл кеш – жаңа дәуірдің, жаңа армандардың бастауы. Жаңа буын студенттерімізге шабыт пен табыс тілейміз!


