17 сәуір 2025 ж.
М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті
Бүгін ALT Университетінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында маңызды семинар өтті.
Спикер: Алматы қаласы ANTIKOR еріктілері қозғалысының жетекшісі — Кеңесов Әкежан Бақытұлы.
Кездесу барысында жемқорлықтың қоғамға келтіретін зияны, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы кеңінен айтылды. Студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер берілді.
Семинар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық пен әділеттілік құндылықтарын насихаттауға бағытталды.