10 сәуір күні Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінде дәстүрлі «Job Fair — 2025» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға теміржол, автокөлік, логистика және құрылыс салаларындағы жетекші 30-дан астам компания өкілдері, сондай-ақ университеттің жоғары курс студенттері мен түлектері қатысты.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – әлеуетті жұмыс берушілер мен болашақ мамандар арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік беретін алаң құру. Қатысушылар компанияларға өзін таныстырып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, сұхбаттасбудан өтіп, түйіндемелерін қалдыру мүмкіндігіне ие болды.
Жәрмеңкеге «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «ҚазАвтоЖол» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр желілері» АҚ, «Инкрайз» ЖШС (Shin-Line) және басқа да компаниялар, сондай-ақ «Қаздорпроект» ЖШС, «Кажсервис» ЖШС секілді жеке жобалау және құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысты. Жұмыс берушілер өз жобаларын таныстырып, мансаптық мүмкіндіктер, тағылымдамалар бағдарламалары және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы баяндады.
Дуальды оқыту, өндірістік және дипломалды тәжірибе бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Бұл студенттерге оқу барысында нақты жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
ALT университетінің Президент-ректоры М.С.Жармағамбетова студенттердің кәсіби дамуы үшін мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті: «Біздің мақсатымыз – тек теориялық білім беріп қана қоймай, практикалық-бағдарланған оқытуды қамтамасыз ету. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – студенттеріміздің табысты жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуінің маңызды қадамы».
Студенттер де жәрмеңке арқылы нарық талаптарын жақсырақ түсініп, кәсіби даму жолдарын айқындай алғандарын атап өтті. Көпшілігі іс-шара барысында-ақ сұхбатқа және тәжірибеге шақыру алды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – бұл университет пен индустрия арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті қалыптастыруға бағытталған, сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға арналған тағы бір маңызды қадам.