30 қыркүйек күні ALT University-де университеттің директорлар кеңесінің қатысуымен эдвайзер-кураторларға арналған әдістемелік күн өткізілді.
Кездесу барысында жаңа оқу жылының бастамасы мен 1-курс студенттерінің бейімделу кезеңі талқыланды. Сондай-ақ, оқу үдерісін жетілдіру, студенттермен жұмысты тиімді ұйымдастыру және академиялық қолдау бағыттары бойынша пікір алмасылды.
Әдістемелік күн – тәжірибе бөлісіп, жаңа идеяларды ортаға салуға арналған тиімді алаң болды.