Select Page

18 қараша күні ALT университеттерінде Студенттер күніне арналған мерейлі апталықтың аясында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы — Кажденбек Азиз Оралбекұлымен мазмұнды да мағыналы кездесу өтті.

Жылы шырайлы жүздесу барысында қаламыздағы жастарға көрсетілетін қолдау тетіктері, студенттік бастамаларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері және белсенді, саналы ұрпақты қалыптастыру жолдары кеңінен талқыланды.

Кездесу атмосферасы ерекше болды — студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін еркін білдірді.

Бұл күн — ALT жастары үшін шабыт сыйлаған, жаңа идеяларға жол ашқан жарқын оқиға ретінде есте қалды.

ALT University — жастардың үні естілетін, арманы жүзеге асатын орта.

Skip to content
Приемная комиссия