Академияның айрықша ерекшелігі-түлектер бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасуының жоғары пайызы болып табылады. Жыл сайын әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша 78-85% деңгейінде сақталып отыр. Біз серіктестерімізбен бірге жыл сайын жас мамандарды жұмысқа орналастыру дәстүріні сақтап келеміз. Онда барлық ниет білдірген түлектер ЖОО-да оқуды аяқтағанға дейін жұмысқа орналасу үшін кепілді орындарға ие бола алады.
18.01.2023 жылы серіктестеріміздің саны «Beam Career Management Center» ЖШС ұйымымен толықтырылды.
- Вeam.kz платформасында сіз келесідей мүмкіндіктерге ие бола аласыз:
- Бос жұмыс орындарын, тағылымдамаларды және өндірістік тәжірибе өту орындарын табу;
- Біздің университетпен ынтымақтастықта жұмыс берушілердің іс-шараларына қатысу;
- Сіздің мамандығыңыз бойынша пайдалы ақпарат алу және мансапты жоспарлау;
- Жұмыс берушілердің қызметі және олардың командасы туралы көбірек білу;
Профильді толтырып және оны түйіндеме ретінде пайдаланыңыз.
Платформа 500-ден астам компанияның жұмыс орындарына қол жеткізуге мүмкіндік береді және күн сайын жаңа жұмыс орындары мен тағылымдамалар пайда болады. Сіз платформаны @Beam_career_center Instagram парақшасында көре аласыз.
Тіркеуден өтіңіз beam.kz @beam_vacancies телеграм арнасындағы жаңа жұмыс орындарын қадағалаңыз.
Барлық сұрақтар бойынша мансапты дамыту кеңсесіне телефон арқылы хабарласуға болады + 7 747 348 6131