Select Page

М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің «TEAM SPIRIT» командасын энергетика мамандығы студенттері арасында өткен «VR технологияларын қолдану арқылы күн электр станциясын орнату» байқауындағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Біздің команда жоғары білім деңгейін, практикалық дағдыларды және тамаша командалық жұмысты көрсете отырып, 1 орынды иеленді. Байқауға еліміздің жетекші техникалық университеттерінің Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, Ғ.Дәукеев ат.АЭБУ және Қ.Сәтбаев ат.ҚазҰТЗУ студенттерінен құралған командалар қатысты: және бұл жеңіс лайықты жетістік!

Топ жетекшісі, кафедраның сениор-лекторы Ғ.П.Қалымбетовке команданы қолдап, дайындағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз!

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз: Сіздерге одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! Энергия — бұл болашақ және ол сіздікі!

Приемная комиссия