21 қарашада 2025 жылы Сорбонна – Қазақстан институтында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты байқаудың жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл номинацияға университеттер мен колледждердің студенттері қатысты. Сонымен қатар «Саналы болашақ» эссе байқауына Мұхамеджан Тынышбаев атындағы АЛТ университетінің студенттері қатысты. «Language Education» кафедрасының сениор-лектор Галия Мұхтарқызы Тоқтыманова жетекшici болды. Белсенді қатысқаны үшін студент-жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар алып, әр номинация бойынша дипломдармен марапатталды.


