Select Page

2026 жылғы 3 сәуірде ALT Университетінің «Language Education» кафедрасы БҰҰ-ның Қытай тілі күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Аталған жиын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары — ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қытай тілі мен мәдениетін насихаттау, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту және академиялық ынтымақтастықты нығайту болды. Бағдарлама барысында студенттер қытай және қазақ тілдерінде билер, сахналық қойылымдар мен әндер орындап, өздерінің жоғары дайындығы мен тілге деген шынайы қызығушылығын көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастыруға кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Смаилова Ф.И., сениор-лектор Сагырбаева Д.Е. және ассистент-оқытушы Мақсат С. жетекшілік етті. Мұндай бастамалар студенттердің жаһандық ойлау қабілетін қалыптастырып, халықаралық деңгейдегі білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия