Select Page

2024 жылдың 3 қыркүйегінде 1 курс студенттеріне университеттіміздің Студенттік үкіметімен және шығармашылық клуб жетекшілерімен ұйымдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге би, театр, вокал, пікірталас, аспаптық, КВН, интеллектуалды, Арт-студия, шешендік өнер, медиа клуб, қыздар клубы және психологиялық клубтар  қатысты. 

Бұл іс-шараға бірінші курс студенттері қуана және қызығушылықпен қатысты. Жәрмеңке түрлі-түсті бояулармен өтті, әр студенттік бірлестік өзінің шығармашылық қойылымдары мен нөмірлерін көрсетті. Студенттер клубтарға жазылу мүмкіндігіне ие болды. Театр клубы 52 қатысушымен толықтырылды, КВН-ға 77 қатысушы тіркелді, шешендік клубқа-70 студент, домбырада өнер көрсеткісі келеді – 48 оқушы, психологиялық клубқа -29 адам кіргісі келді, «Сенім» қыздар клубына 33 қатысушы кірді, би клубына 81 студент қабылданды, 31 студент қолөнермен айналысқысы келеді, медиа клубқа 31 студент қатысты 42 қатысушы, вокалдық клуб 50 вокалистпен толықтырылды, тағы 19 адам пікірсайысшы болғысы келді, зияткерлік клубтар 49 зиялы қауымның назарын аударды. 

Құрметті клуб мүшелері, М. Тынышпаева атындағы ALT университетінің белсенді, түрлі-түсті, креативті студенттік өміріне қош келдіңіздер!

P.S. Бірінші курст студенттерінің сұранысына сәйкес алдағы уақытта «Спорттық клубтар» жәрмеңкесін өткізу жоспарда бар.

Приемная комиссия