Select Page

15 қыркүйек күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлерін «Темір жол магистраль желісінің сигнализация және байланыс кәсіби маманы» тақырыбында корпоративтік оқыту аясында М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «ЦШ шаруашылығын басқару құрылымы» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар департаментінің директоры Алкенов Д.А. жүргізді.

Дәріс барысында баяндамашы сигнализация, орталықтандыру және блоктау (ЦШ) шаруашылығын басқару жүйесінің теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етудегі маңызы туралы толық ақпарат берді. Негізгі назар мына бағыттарға аударылды:

  • ЦШ шаруашылығының ұйымдастырушылық құрылымы;
  • негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары;
  • бөлімшелер арасындағы өзара әрекеттестік;
  • заманауи сын-қатерлер мен цифрландыру перспективалары.

Студенттер мен оқытушылар басқару құрылымының теориялық қырларымен танысып қана қоймай, білімді тәжірибеде қолдану жолдары мен саланың мансаптық мүмкіндіктері туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Мұндай дәрістер университет пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының байланысын нығайтып қана қоймай, студенттердің нақты өндірістік үдерістерді жан-жақты түсінуіне ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия