Қытай Халық Республикасына сапары аясында ALT делегациясы Цзянсу провинциясының Нанкин қаласындағы серіктес ЖОО-мен бірқатар кездесулер өткізді.
«Nanjing Huayuan Cultural and Technology Development Co., Ltd» компаниясының бас директоры Алтынай Мұхаммед Иса ALT делегациясы үшін Нанкин қаласының екі көлік институтымен кездесу ұйымдастырды:
1) Нанкин теміржол технологиялары кәсіптік институты;
Нанкин теміржол технологиялары кәсіптік институтының Президенті Ду Госюн мен Вице-президенті Чжао Цзин ALT өкілдерін жылы қарсы алып алды. Нанкин теміржол технологиялары кәсіптік институты 2021 жылдан бастап ALT серіктесі болып табылады. Чжен Хэ атындағы Қазақстан-Қытай кәсіптік білім беру, ғылым және технологиялар институты бірлесіп ашылды. Чжэн Хэ институтының жұмысын дамыту үшін тараптар Алматы қаласында қытайлық студенттерге арналған жазғы мектебін ұйымдастыруға келісті.
2) Нанкин көлік технологиялары кәсіптік институты;
ALT 2023 жылдың мамырында келісімге қол қойылған Нанкин көлік технологиялары кәсіптік институтымен кездесу өткізді. Нанкин теміржол технологиялары кәсіптік институтының президенті Ванг Даофенг пен Вице-президенті Луи Чуефен және ALT Президенті-ректоры Салтанат Әмірғалиева білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде 1,5+1,5 форматында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды талқылады. Институт басшылығы әуе, теміржол және метрополитенді қоса алғанда, көлік зертханаларына экскурсия ұйымдастырды.