АКТ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және Тұран университетінің РЭТ кафедрасының меңгерушісі, PhD Куламбаев Бакытжан Оразгалиұлы арасында өткен дөңгелек үстел аясында профессорлық-оқытушылар құрам мен студенттердің академиялық ұтқырлығы мәселелері талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, тағылымдамадан өту бағдарламаларын, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды талқылады. Кездесу барысында оқытушылар мен студенттердің біліктілігі мен академиялық ұтқырлығын арттыруға бағытталған одан әрі ынтымақтастық және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру туралы келісімдер талқыланды.