Ағымдағы оқу жылының 21 ақпанында Академия студенттерімен кездесуге Алматы қаласы маслихат депутаты, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, меценат, бизнесмен, мотиватор Дулат Тастекей қонақ болып келді. Кездесуде жастардың тұрақты даму орталығының 8-ші тармағы лайықты жұмыс және экономикалық өсу, қоғамдағы рөлі, мамандықты меңгерудің маңыздылығы, еңбекқорлық пен жетістікке жетуге деген талпыныс жайлы тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар Дулат ағамыз түрлі салалардағы тәжірибесімен бөлісіп, жастарымызға қажетті білім мен пайдалы дүние бере білді. Іс-шарамызға 400-ге жуық студенттермен қатар Академия басшылығы мен қызметкерлер қатысты.