2024 жылдың 09 желтоқсанында психолог Жадиева Айгерім Арманқызы университеттің Эдвайзер-кураторларына арналған «Психоэмоционалды шиеленісті жою» тренингін өткізді. Тренингтің мақсаты: психологиялық шиеленісті азайту, эмоционалды жағдайды жақсарту. Тренингте эдвайзер-кураторлармен стресс деңгейін анықтау үшін экспресс-тест өткізілді және бұлшықет пен эмоционалдық шиеленісті жеңілдетуге арналған жаттығулар орындалды. Сондай-ақ, эдвайзер-кураторларға жұмыс күні ішінде релаксация бойынша ұсыныстар берілді.