Select Page

Ағымдағы жылдың 04 наурызында университет қабырғасында елімізге белгілі баспагер, AmalBooks баспасының негізін салушы Бақытжан Бұқарбайдың студенттермен кездесуі өтті. Кездесу дөңгелек үстел форматында, сұхбат ретінде еркін түрде өтті. Кездесудің басты тақырыбы Мұхамеджан Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» атты еңбегіне 100 жыл толуына орай, қазақ тілге аударылған кітабы шығуы болды. Алаш арысы, тұғыш инженер, тарихшы М.Тынышбаевтың бұл еңбегі ел тарихы жайлы сыр шертетін құнды мұра болып табылады.

Сонымен қатар кітап оқудың қоғамдағы рөлі, адамның дамуы мен білім алуындағы маңызы жайлы сөз қозғалды. Бақытжан Бұқарбай өзінің баспа саласындағы қызметі мен атқарып жатқан жұмыстары жайлы да атап өтті. Әлем әдебиеті мен түрлі саладағы жазылған еңбектер қазақ тіліне аударылып, жас оқырмандарға жол тартып жатқаны жайлы да айтылды. Кездесу студенттерге өте пайдалы болды деп айта аламыз.

Приемная комиссия