Select Page

2025 жылдың 11 сәуірінде Тұрақты даму мақсаттары мен ынтымақтастықтың жол картасын іске асыру шеңберінде  «Энергетика»  кафедрасы мен  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен «Экономикалық өсім: жаңа кадрлар арқылы: жұмыс берушілер мен түлектердің көзқарасы» тақырыбында интерактивті кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – университет пен өндіріс саласы арасындағы байланысты нығайту, энергетика саласына мамандарды даярлауға қойылатын қазіргі талаптарды талқылау және бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын табу.

Іс-шараға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері, жедел диспетчерлік басқарма басшысы Бабенцов Б.Б., басшы орынбасары  Саха З.Б., және Энергетика кафедрасының оқытушылары мен түлектері қатысты.

Кездесу ТДМ 4 және ТМД 8 – «сапалы білім және лайықты жұмыспен қамту» жүзеге асырудың бір бөлігі болды. Тараптар жоғары білікті кадрларды даярлауда одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Асылов А.Н. және Корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директор Оксикбаев Н.С. серіктестікті дамытуға қосқан үлесі және қолдауы үшін кафедра үлкен алғысын білдіреді.

Skip to content
Приемная комиссия