2024 жылы 2 желтоқсанда «Энергетика» кафедрасы «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу» институтымен бірлесіп 6В07121-Электр энергетикасы ББ, 6В07188 – IT-Эненергетика ББ студенттеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен қонақ дәріс ұйымдастырды. Төмендегі қонақ спикерлер әр түрлі тақырыпта дәрістер оқыды:
- Абаканов Ердос, «электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ол энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру бойынша инновациялық шешімдерді енгізу саласындағы тәжірибесімен бөлісті;
- Альжанова Алма, энергия үнемдеу саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары, тақырыбы: «энергия тиімділігін дамыту саясаты»;
- Калменов Марат, өңдеу және талдау департаментінің директоры, тақырыбы: «Іс-әрекеттегі Энергияны үнемдеу: теориядан практикаға»;
- Мария Степановна, Орталық Азиядағы neah сарапшысы, тақырыбы: «Энергия тиімділігі және тұрақты болашақ».
Дәріс аясында тұрақты даму, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі тақырыбы бойынша мазмұнды және өзекті баяндамалар ұсынылды. Студенттер ұсынылған ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады, бұл қазіргі әлемдегі осы мәселелердің өзектілігін көрсетеді.
Оқытушылар алған білімдерін оқу және зерттеу қызметінде қолдану мүмкіндігін атап өтті, ал бітіруші курс студенттері өздерінің дипломдық жұмыстары үшін перспективты тақырыптар таңдауларына мүмкіндік тапты.
Іс-шара студенттер мен оқытушылар үшін құнды ақпарат беру арқылы оқу ортасы мен практика арасындағы өзара әрекеттесуді кеңейтудегі маңызды қадам болды.