Select Page

М.Тынышбаев атындағы ALT университеті «JAS GALA 2024» фестивалінде 35 жоғарғы оқу орынның ішінен ең үздігі атанды.

2024 жылдың 1 наурызбен – 14 мамыр аралығында Алматы қаласы жастар саясатының қолдауымен, Алматы Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен 35 жоғарғы оқу орын және 87  арнаулы орта білім беретін оқу орндары арасында «Jas Gala – 2024» қалалық шығармашылық жастардың фестивалі өтті. Фестиваль вокал, театрлық қойылым, аспапта ойнау, мобилография және хореография бағыттары бойынша өткізілді. Университет студенттері 5 бағыт бойынша бақ сынасып, «ALT VEGA» театр клубы жүлделі 3 орынды, «Ravens» би тобы «Үздік идея» номинациясын жеңіп алды және ALT университеті 35 жоғарғы оқу орынның ішінен үздік шығармашылық жоғарғы оқу орын атанды.

Приемная комиссия