2025 жылғы 16 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ALT Университетінде 1-курс студенттері арасында «Еркін елдің еркін жастары» атты спорттық турнир ұйымдастырылды. Турнир аясында баскетболдан жарыс өткізіліп, тартысты ойындар нәтижесінде үздік командалар мен мықты ойыншылар анықталды.
Жарыс барысында студенттер жоғары спорттық шеберліктерін, командалық үйлесімділікті және жеңіске деген жігерін көрсете білді. Баскетбол сайысы студенттердің физикалық белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ патриоттық рух пен командалық рухты нығайтуға зор үлес қосты.
Аталған іс-шара жастардың жан-жақты дамуына, ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыруға және ALT Университетінде тәрбиелік әрі спорттық бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын айқындайды.


