2025 жылғы 19 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ALT Университетінде 1-курс студенттері арасында «Еркін елдің еркін жастары» атты спорттық турнир ұйымдастырылды. Турнир аясында үстел теннисінен жарыс өткізіліп, шеберлігі мен дәлдігі жоғары үздік ойыншылар анықталды.
Жарыс барысында студенттер жылдамдық, дәлдік және тактикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, спорттық дайындықтарының жоғары деңгейін дәлелдеді. Үстел теннисі сайысы студенттердің физикалық белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және патриоттық рухты нығайтуға зор үлес қосты.
Аталған іс-шара ALT Университетінде жастардың жан-жақты дамуына, спортқа деген қызығушылығын арттыруға және тәрбиелік бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын айқындайды.


