Select Page

2025 жылғы 16 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ALT Университетінде 1-курс студенттері арасында өткен «Еркін елдің еркін жастары» атты турнир сәтті ұйымдастырылып, ойдағыдай өткізілді. Жарыс барысында үздік ойыншылар анықталып, жеңімпаздар марапатталды, сондай-ақ белсенді қатысқан институттарға алғыс білдірілді.

Турнирдің сәтті өтуіне Университет пен колледждің дене шынықтыру мұғалімдері де өз үлестерін қосып, студенттердің спорттық белсенділігін арттыруға және ұйымдастырушылық жұмыстардың жоғары деңгейде жүзеге асырылуына септігін тигізді. Жарыс өз мәресіне жетіп, студенттердің жан-жақты дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға және университеттегі тәрбиелік-спорттық жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқанын айқындады.

Skip to content
Приемная комиссия