2024 жылдғы 15-ші ақпанда Логистика және көлік Академиясында «ЕРЛІК САБАҒЫ» атты әскери-патриоттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара, Кеңес дәуіріндегі әскерлердің Ауғанстан демократиялық Республикасынан шығарылуының 35 жылдығы құрметіне арналды.
Салтанатты іс-шараға: Ауған соғысы мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ардагерлері, Академия ұжымы мен студенттер қатысты. Қатысушы студенттердің қалың аудиториясы интернационалистік соғыстар туралы естеліктермен танысып, Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеуге қатысқан қазақ батыр-жауынгерлеріне деген мақтаныш сезіміне бөленді.