Select Page

Ақпан айының 14-ші жұлдызында,ғашықтар күніне арнайы университетімізде «Alt-Vega» театр клубының студенті Әбдіғали Мұхаммедтің «Ғашықтар миниатюрасы» атты жеке шығармашылық поэзия кеші өтті. Кеште оқылған поэзиялар түгелдей делік клубымыздың мүшесі Әбдіғали Мұхаммедтің шығармашылығынан туындаған, авторлық поэзиялары болды. Романтикалық поэзиялармен қатар,елімізге танымал, лирикаға толы біршама хит әуендер жанды дауыста шырқалды. 8 өнерпаздан құралып жазылған бұл компазиция, келген көрерменнің көңілінен шығып, рухани кеш сыйлады.

Поэзия-тұтас өнер. Oнда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінікте бар. Ол бар өнердің ерекшілігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады. Яғни бұл кештің ұйымдастыру себебі,өскелең ұрпаққа көркем сөз жанрын насихаттап,әдебиетке, сөз өнеріне сауатты түрде ынталандыру болды. Біз Әбдіғали Мұхаммедтің шығармашылығымен мақтанамыз.

Приемная комиссия