Select Page

Теміржол саласындағы экология мен инновация: Мұрат Мұсабековтің «Жылжымалы құрам» кафедрасындағы дәрісі

2026 жылғы 7 сәуірде «Жылжымалы құрам» кафедрасында университет түлегі әрі ардагерімен маңызды кездесу өтті. Қауымдастырылған профессор, «Құрметті теміржолшы», «Тенгизшевройл» ЖШС кеңесшісі және сарапшы-энергоаудитор Мұрат Омарбекұлы Мұсабеков «Маневрлік локомотивтердің энерго-экологиялық көрсеткіштерін арттыру тәсілдері» тақырыбында қонақ дәрісін оқыды.

Дәріс барысында локомотивтердің энергия ресурстарын тұтынуын азайту және атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын шектеу мәселелері талқыланды. Мұрат Омарбекұлы локомотивтердің ПӘК-ін арттыратын озық технологиялар мен жұмысты ұйымдастырудың оңтайлы әдістерін ұштастыру қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, «Тенгизшевройл» ЖШС кірме жолдарындағы тәжірибесімен және кафедра оқытушыларымен бірлесіп әзірленген, инновациялық патентпен расталған техникалық шешімімен бөлісті.

Кездесудің ТДМ (ЦУР) аясындағы маңызы:

  • 7-ТДМ (Таза энергия): Энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану әдістері.

  • 11-ТДМ (Тұрақты қалалар): Маневрлік жұмыстар кезіндегі шу мен газдану деңгейін төмендету.

  • 13-ТДМ (Климатқа қарсы күрес): Көміртегі ізін азайту және декарбонизация.

  • 15-ТДМ (Құрлық экожүйелерін сақтау): Топырақ пен атмосфераға түсетін техногендік әсерді азайту.

Skip to content
Приемная комиссия