Select Page

2024 жылдың 17 қаңтарында ЛКА қабырғасында «China Railway Container Transport Co., Ltd» еншілес кәсіпорны болып табылатын «International Logistics CRCT Kazakhstan (CRCT-KZ)» ЖШС-мен жемісті кездесу өтті.

CRCT Kazakhstan көлік-логистикалық компаниясының сапарының мақсаты студенттерді тағылымдамадан өтуге, тәжірибеден өтуге, дуальды оқытуға тарту, сонымен қатар Академия түлектерін жұмысқа орналастыру болды.

Тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарларымен алмасты.

Кездесуге ықпал еткені үшін Академияның Логистика (салалар бойынша) мамандығы бойынша түлегі, «CRCT Kazakhstan (CRCT-KZ) халықаралық логистика экспорттық тасымалдау департаменті директорының орынбасары Мағазов Дамир Денисовичке алғысымызды білдіреміз.

Приемная комиссия