2024 жылдың 27 қараша күні М.Тынышбаев атындағы ALT университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының колдауымен және Жастар Қанаты мен «Жастар Рухы» Шымкент қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Almaty Leaders» жобасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты- жоғары оқу орындарындағы студенттердің, ең үздігін анықтау және жастардың өзін-өзі басқару жетекшілерінің, жұмысын бағалау арқылы белсенді студенттерді марапаттау болды.
Осы жоба аясында ерекше белсенділік танытып, көшбасшылық қасиеттерің көрсеткен 10 үздік студент және жастардың өзін-өзі басқару саласындағы жетістіктерімен көзге түскен 4 үздік студенттік ұйым арнайы марапаттарға ие болды.
Фестивальдің арнайы қонағы ретінде Жастар Саясаты басқармасы және жастар бастамаларың қолдау бөлімінің басшысы Бекқайров Нұрсұлтан Болатұлы шақырылды. Ол жастардың дамуы мен олдардың алға ұмтылысын қолдайтыны айтып, ең үздік 4 студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарын марапаттады.
Біздің университет сол үздік төрттік қаратында.Ең үздік марапатты Студенттік Үкімет Президенті Бейбіт Гадилбекович алды. Сонымен қатар, Алматы қаласының ең үздік 10 студенттінің қатарында Студенттік үкімет мүшесі Темірхан Әсел марапатталды.