11 қыркүйек күні Үлкен конференц-залда Студенттік үкімет тарапынан Отбасы күніне арналған кино түні ұйымдастырылды. Студенттерге «Анаға апарар жол», «Пейіш» сынды фильмдер көрсетілді. Ұсынылған фильмдер көрерменге үлкендерді құрметтеуге, ең жақын адамдар – әке мен ананы сүюге үйретеді. Жобаның мақсаты – жастарды отбасылық құндылықтарға тәрбиелеу, қоғамның негізі ретінде отбасы институтын нығайту болды. Көрермендер – студенттер көрсетілімнен әсер алып, кейін фильмдердің маңызды көріністері мен сәттерін талқылады. Кино түні толық аншлагпен өтті.