2023 жылғы 16-20 қараша аралығында Президент-ректор С.Н. Әмірғалиева бастауымен Ғылым және ынтымақтастық жөніндегі проректор Г.К. Балбаев және халықаралық байланыстар жөніндегі офис басшысы Ж.А. Бейсахметова ALT делегациясы Қытайдың Сиань қаласында өткен көлік инфрақұрылымы саласында кадрлар даярлау бойынша Қытай және Орталық Азия елдері Одағының ресми ашылуына және осы Одақтың көлік инфрақұрылымы жөніндегі бірінші Халықаралық Форумына қатысты. Жиын барысында Одақтың Сиань декларациясына қол қойылды және қабылданды. Чанъан университетінің президенті Ша Аймин мырза Одақтың төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ Одақтың бірінші отырысы өтті, онда Одақ шеңберіндегі одан әрі даму мен ынтымақтастық талқыланды.
Іс-шараға Қытай және шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, кәсіпорындар мен мекемелердің 200-ден астам өкілдері қатысты.
2023 жылдың 7 қыркүйекте Алматы қаласында ALT Чанъан университетімен осы Одаққа кіру туралы келісімге қол қойған еді.