12.04.2025 ж. «Language education» кафедрасы «Ұрпақтар үшін табиғатты сақтайық» Горельник шатқалында эко-челлендж өткізді. Көктем – тазалық пен тәртіпті орнатудың дәстүрлі уақыты, ал сенбіліктер-тазалық мәдениетін қалыптастыратын, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарайтын, экологиялық мәдениетті және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарауды тәрбиелейтін барлығын біріктіретін жақсы дәстүр.