Select Page

Білім алушылардың практикалық және ғылыми-зерттеу даярлығының сапасын арттыру, сондай-ақ заманауи геодезиялық жабдыққа, цифрлық технологияларға және инновациялық шешімдерге қолжетімділікті арттыру үшін 07.11.2025 ж. «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС базасында «Көлік құрылысы»кафедрасының филиалы ашылды. Ашылу барысында «Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ Басқарма Төрағасы-ректоры Меруерт Советқызы Жармағамбетова мен компанияның бас директоры Марина Александровна Кочетованың қатысуымен өтті.

Университет білім беру бағдарламалары топтарының білім алушыларына:

  • В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс
  • В075 Кадастр және жерге орналастыру
  • В126 Көлік құрылысы
  • В165 Магистральдық желілер және инфрақұрылым
  • В166 Көлік құрылыстары
  • М126 Көлік құрылысы
  • М210 Магистральдық желілер және инфрақұрылымдар
  • М310 Көлік құрылыстары
  • D210 Көлік инфрақұрылымының инженериясы
  • D310 Көлік құрылыстары

сондай-ақ, «Көлік құрылысы» және «Сәулет және құрылыс инженериясы» кафедраларының оқытушыларына өндірістік тағылымдамадан өту үшін мүмкіндіктер ашылуда.

Skip to content
Приемная комиссия