2025 жылғы 12 қарашада ALT университетінде Алматы қаласы Жастар денсаулық орталығымен меморандум аясында «Людомания» және «Мазасыздық күйі» тақырыптарында семинар-тренинг өтті.
Семинарды клиникалық психолог Маринец Р.В. жүргізді.
Студенттер ойын тәуелділігінің себептері мен белгілері, мазасыздықтың түрлері туралы білді және эмоционалды күйді реттеу мен алдын алу бойынша пайдалы кеңестер алды.
Іс-шара интерактивті форматта, өмірлік мысалдар мен практикалық жаттығулар арқылы өтті.
Ұйымдастырушы – Инклюзивті білім беру және менталды денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахимәлиевна.


