Select Page

2024 жылдың 25 қарашасында ALT Университеті неміс компаниясы ThiemeBieg & Associates GmbH бірлесе отырып «Алматы қаласы мен Алматы облысының өңірлік логистикалық кластерін құру» тақырыбында алғашқы дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараға индустрия, бизнес және білім беру өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Маттиас Кислер Қазақстанның географиялық орналасуының бірегейлігін атап өтіп, Алматыда және Алматы облысында Қазақстанда бірінші болатын логистикалық кластер құрудың үлкен қажеттілігі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі заманғы логистиканы дамыту мәселелері талқыланды, онда неміс әріптестеріміз – Хемниц техникалық университетінің профессоры Дитрих Тесс, the Fraunhofer Institute for Systems and Innovation Research-ның докторы Томас Стахлекер және Шығыс Еуропа қоғамының ғылыми-консультативтік комитетінің мүшесі болып табылатын профессор Бургард Шеел өз тәжірибелерімен бөлісті. Қазіргі таңда Германияда 13 кластер жұмыс істеп тұрғанын атап өту керек. Логистикамен тығыз байланысы бар әр түрлі салалардың өкілдері осы кластерді құру және логистикадағы негізгі өткір мәселелерді шешу туралы өз пікірлерін білдірді.   

Логистикалық кластер құру жөніндегі ұсыныс Алматы қаласы мен Алматы облысын жетекші инновациялық логистикалық өңір ретінде орналастыру болып табылады, бұл еңбек өнімділігін және жұмыспен қамтуды арттыруға, инновацияларды ынталандыру және университеттер мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты жақсарту есебінен өңірдің экономикасын нығайтуға ықпал ететін болады.

Дөңгелек үстел аясында ALT Университеті мен Thiemebieg & Associates GmbH компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университет барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға осы дөңгелек үстелді өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді, атап айтқанда:

1) Маттиас Кислер – Германия Федеративтік Республикасының Бас Консулы;

2) Торстен Тиме – Thiemebieg & Associates GmbH Директоры;

3) Профессор Дитрих Тесс – Хемницкий техникалық университеті;

4) Доктор Томас Стахлекер – Fraunhofer ISI;

5) Профессор Бургард Шеел – Шығыс Еуропа қоғамының Ғылыми-консультативтік комитеті;

6) Королев Василий Валентинович – «ТрансАл» Бас директоры;

7) Аутов Ералы Қабдылсиюнұлы – «Шынғар Транс» компаниялар тобының Президенті;

8) Профессор Изтелеуова Марал Сейтеновна – ALT Университет.

Приемная комиссия