Select Page

Біз ПИИТ-25-1к және ПИИТ-25/2к топтарының студенттерімен бірге Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейіне мәдени-танымдық экскурсия жасадық.

Экскурсия барысында музейдің үш қабатында орналасқан экспозициялармен танысып, көптеген көркемсурет туындыларын жан-жақты зерттедік. Әрбір картина жанындағы QR-кодтарды қолдану арқылы олардың мазмұны мен идеялық мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік алдық. Бұл заманауи технологиялар мен өнердің ұштасуы болашақ ИТ-мамандары үшін ерекше қызығушылық тудырды.

Аталған мәдени шара студенттердің рухани-танымдық дамуына оң әсерін тигізіп, мәдени құндылықтарды қабылдау қабілетін арттырды. Тұлғаның рухани байлығы мәдени орта мен қарапайым құндылықтарды бағалаудан басталатыны тағы бір мәрте айқындалды.

Skip to content
Приемная комиссия