Select Page

2025 ж.28 қазан сағ. 09:30-да (ауд. 5602) «ӘГПжДТ» кафедрасының сениор-лекторы М.Қ. Қанағатов өткізген «Мәдениеттану» пәнінде интерактивті қосымшаларды қолдану туралы мастер-классы өтті. Мастер-класстың мақсаты «Мәдениеттану» сабағына цифрлық-интерактивті элементтер енгізу арқылы оқу белсенділігін арттыру, оқытуды әртүрлі оқушы деңгейлеріне бейімдеу және бағалауды жандандыру болды. Канагатов М.К. әдістемелік тәсіл ретінде теория, демонстрация, жартылай дайын тапсырмалар мен дереу тәжірибе (студенттер планшет немесе мартфон арқылы тапсырмаларды орындайды) қолданылып, сабақтың әр кезеңінде қолданылатын нақты техника-қадамдарды көрнекі формада көрсетті. М.Қ. Қанағатовтың мастер-класы «Мәдениеттану» пәнінде Wayground, QRCode-Monkey және Wordwall қосымшаларын сабақтың әр кезеңінде — диагностика, түсіндіру, практика және бағалау — тиімді біріктіру әдістерін нақты көрсетіп, оқытушыларға практикалық шаблондар мен техникалық кеңестер беріп өтті. Бұл әдістер оқу белсенділігін арттырып, әртүрлі студент деңгейіне бейімдеуге мүмкіндік береді.

Skip to content
Приемная комиссия